Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

от aigerakain
Опубликовано: 16 января 2024, 14:32
Instagram: rakhat_turlykhanov

Алматы сотында Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтті.

«Осы материалды қарау барысында, сот алқасы тағайындалған жаза бойынша, бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шешімі өзгертілді»,

делінген сот хабарламасында.

Сот алқасының қаулысы бойынша, Тұрлыхановты 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға өзгертілді. Қаулы күшіне енді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Тұрлыханов үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққан. Алматының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-әншіге ескерту жасады.

Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай кейінгі жағдайға қатысты пікірлерін білдірді.

«Бәріңізге сәлем. Бұл — Рахат Тұрлыханов және жұбайым — Алтынай. Кейінгі жаңалықтарға байланысты пікір білдіруді ұйғардық. Алтынай бәрін өзі айтса, дұрыс шығар», – дейді видеода Рахат.

«Рахатпен арамызда бәрі жақсы. Рахат — қамқор, мейірімді күйеу, әке. Иә, барлық отбасында болатыны секілді біздің де арамызда ұрыс, түсініспеушіліктер болды. Бірақ, барлық жағдайды білмесе де оны жаман жағынан көрсетіп жатыр. Бәріңіз алаңдап жатсыздар, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бізде бәрі жақсы»,

дейді әншінің жұбайы видеода.
Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше