Қазақстандық боксшы қыз Алуа Балқыбекова автокөлік сыйға алды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті — спорттағы жетістіктері үшін оған автокөлік сыйға тартылды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 22 декабря 2025, 10:55
Алуа Балқыбекова
Instagram: @balkibekovaas

Алуа су жаңа көліктің жанында тұрған суретін жариялады. Спортшының айтуынша, автокөлікті Алматы қаласының Бокс федерациясы бокстан өткен әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін сыйлаған. Аталған әлем біріншілігі қыркүйек айында Ұлыбританияда өтіп, Балқыбекова алтын медаль жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, осы жеңісі үшін өткен күзде Мемлекет басшысы Алуа Балқыбекованы және өзге де спортшыларды «Құрмет» орденімен марапаттаған еді.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Алуа Балқыбекова — әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы — күміс, 2023 жылы — қола) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше