Пилатес ханшайымы: қызғылт түстегі ең нәзік 5 бет бояуы

Пилатес студиясынан шыққан сияқты көрінгің келе ме? Pilates princess стиліндегі макияж – сау, жарқыраған терінің және мінсіз көріністің құпиясы.

АА
Арайлым Ақан
22 января 2025

пилатес ханшайымы
Instagram: @aishka_adi
Пилатес ханшайымы: қызғылт түстегі ең нәзік 5 бет бояуы

Instagram: @aishka_adi

Пилатес жаттығуларын жаңа ғана аяқтадың деп елестетіп көр, терің сау әрі жарқырап тұр, сен өзіңді сергек және сенімді сезінесің. Дәл осы сезім pilates princess макияжының негізінде жатыр. Ауыр және қатты көзге түсетін бет бояуын ұмыт. Мұнда ең бастысы – табиғилық, балғындық пен жеңілдік. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл танымал clean girl эстетикасы.

Сәнді қыздардың терісі тек хайлайтерден және көп сатылы күтімнен ғана емес, сонымен қатар ең трендті спорт — пилатестен кейін де жарқырайды.

Жарқыраған тері

Пилатес ханшайымының эстетикасын шынымен бейнелеу үшін жеңіл бет бояуынан баста. Ауыр тоналды кремдер туралы ұмыт, өйткені бұл жерде табиғилық басымдыққа ие. Тамаша таңдау – бетті тегістеп қана қоймай, ылғалдандыратын BB крем. Егер сен өте жеңіл болғанын қаласаң, сүйікті ниацинамидті өнімді, ылғалдандырғыш кремді қолдан, ал кемшіліктерді консилермен ақырын ғана жасырып қой.

Қызғылт көзге арналған бояулар

Нағыз пилатес ханшайымына тән нәзіктік және балғындық беру үшін қызғылт көзге арналған бояуларды қолдан. Қабақтарыңа ашық қызғылт түсті жұқа етіп жақ, ал аздап жарқырау үшін жылтыр қос. Мұндай макияж сырт бейнеңді ашық және сүйкімді етеді.

Қызғылт бет бояуы

Пилатес ханшайымы макияжындағы жаңа және сау көріністің құпиясы – бетті қызғылт түспен қызарту. Бұл жаттығудан кейінгі болатын табиғи қызару сезімін тудыратын осы көріністің негізгі элементі. Өнімді беттіе жақ, содан кейін мұрынға аздап қос. Бұл бояу техникасы бетті сергек және тартымды етеді.

Ерінге арналған жылтыр далап

Pilates princess стиліндегі макияж үшін еріндер нәзік, ылғалданған және жақсы күтімде болып көрінуі керек. Қызғылт бальзамды қолданудан баста – бұл ерінге жеңіл реңк беріп қана қоймай, сонымен қатар, оларға қажетті ылғалды қамтамасыз етеді. Қосымша көлем мен жарқырау үшін ерінді мөлдір жылтыр далаппен боя.

Пилатес ханшайымы: қызғылт түстегі ең нәзік 5 бет бояуы

Instagram: @kiingsarah

Боялған кірпіктер

Пилатес ханшайымының макияжы жеңілдік пен минимализмді білдіреді, кірпіктерге келгенде де мұны ұмытпайық. Ұқыпты пішін беру үшін оларды жеңіл сүрмемен боя. Қастарыңа дейін жететін жалған кірпіктерді ұмыт! Тек табиғилық пен нәзіктік.


Фото: Instagram

Дереккөз: TheGirl

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше