Неліктен аш қарынға жыныстық қатынасқа түсуге болмайды

A
aigerakain
20 октября 2023

Неліктен аш қарынға жыныстық қатынасқа түсуге болмайды
Unsplash: We-Vibe Toys

Ғылыми эксперименттің нақты нәтижелерін ұсынамыз.

Норвегияның Осло университетінің ғалымдары аш болғанда жыныстық қатынасқа түсу ләззат сыйламайынын айтты.

Екі күндік эксперимент үшін олар 67 норвегиялық адамдар тобын жинады. Бірінші күні қатысушылар таңғы 9:00-дан түскі асқа дейін нәр татпады, содан кейін ғалымдар оларға жеңіл тамақ берді. Екінші күні зерттеуге қатысушылар ештеңе жеген жоқ. Екі күнде де қатысушыларға аяққа массаж жасалды, содан кейін олардың миы МРТ көмегімен сканерленді, адамдардан массаждан кейінгі сезімі туралы сұрады. Қатысушылар түскі ас ішкен бірінші күні массаж оларға жағымды болып сезілген. Екінші күні көптеген адамдар ештеңе сезбегендерін атап өтті.

Ғалымдар мұны грелин гормонының жоғарылауымен байланыстырды: МРТ нәтижесі тамақ ішпеген күні оның бірінші тәуліктен жоғары екенін көрсетті. «Грелин әдетте тәбетті ашуға жауапты болса да, ол әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде дененің сезімталдығы мен концентрациясын төмендетуге қабілетті болуы мүмкін», — дейді ғалымдар зерттеуде.


Ақпарат көзі: Flacon Magazine

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше