
Танымал инстаблогтың авторы Нағима Настевич күйеуімен бірге Алматыдан Астанаға көшіп бара жатқанын хабарлады. Бұл шешімнің себептері туралы блогер Instagram storis-те айтты.
Интернет-кеңістікте Нагимуша деген атпен танымал Нағима Настевич енді Қазақстан астанасында тұратын болады. Көшуінің себебі оның күйеуі Александрдың мансабы болды.
«Саша мұнда компания ашады, сондықтан біз қазір осындамыз», – деді блогер. Настевич Астанада қанша уақыт тұратынын әлі білмейді. Алайда, оның Алматыда көптеген жобалары болғандықтан, ол екі қалада тұруды жоспарлап отыр. «Астанада мен ешқашан тұрып көрген емеспін, Саня да мұнда ешқашан тұрмаған, сондықтан бұл біз үшін жаңа тәжірибе. Менің ойымша, бәрі ойдағыдай болады. Біз пәтер жалға алдық, әзірге заттарды, жиһаздарды тасымалдаймыз. Міне, өмірдің жаңа кезеңі», – деп қорытындылады Нағима.

Фото: Instagram