Мирас Жүгінісов неліктен Астанадан Алматыға көшкенін айтты

от aigerakain
Опубликовано: 22 февраля 2024, 10:04
Instagram: zhugunussov.mj

Мирас Жүгінісов Астана қаласынан Алматыға қоныс аударды. Әнші отандық бағдарламалардың бірінде елордадан көшуіне не себеп болғанын айтты.

«Алматы — шығармашылықтың алаңы. Сондықтан мен үшін ыңғайлы. Астанада көп тұрдым. Ол жақта өзіңмен-өзің жүресің. Астанада жалғыз жүріп, шаршап кеттім. Ортаң әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе кәсіпкерлермен араласасың»,

деді Мирас Жүгінісов. 

Сонымен қатар Мирас шығармашылыққа мықтап кіріскенін айтты. 

«Жаңа әндер шығады. Жақында бейнебаян түсірдім. Дайын болып қалды. Бейнебаяннан бөлек концерт ұйымдастырамыз. Тұрар Ыдырыспен бірігіп, Қазақстан бойынша тур жасаймыз»,

деді Мирас. 

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше