
Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова денсаулық жағдайына шағымданды. Жолда ауырып қалған кезде әртіске жедел жәрдем қажет болды.
Әншіге шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Мөлдір өзінің сторисінде көлікте ауырып қалған кезде жедел жәрдем көлігін қалай шақырғанын көрсетті. Әртіс үйде ем қабылдауды жалғастырды.
«Таңғы сағат 4. Үйде жағдайында ем алып жатырмын. Әкем дәріханадан келді. Маған көз тиді», - деген видеода Мөлдірдің дауысы естіледі. Алайда, әншіге жұмысқа кірісуі керек болды. Біраз уақыттан кейін ол ұшақтың бортында отырды. «Дауысым жуандап, тамағым отырып қалған. Айттым ғой, көз тиді»,
деп түсіндірді әнші.
Фото: Instagram