
Отандық әнші және актриса Мөлдір Әуелбекова Instagram-да той көйлегін киген видео жариялады. Жанкүйерлер бұл образын талқылады.
Мөлдір мұсылман стиліндегі қалыңдық киімімен әдемі видеоға түсті. «Әр әйел бақытты болуға лайықты!» – деп жазды Әуелбекова инста парақшасына.
Instagram-дағы нәзік ролик 15 мыңнан астам лайк пен жүздеген пікірлер жинады. Желі қолданушылары бұл Мөлдірдің үшінші рет тұрмысқа шыққанын білдіре ме, әлде ол жай ғана қалыңдық образында керемет кадрларды жүктегісі келді ме деп талқылауда.
«Тағы күйеуге шықты ма?», «Қанша күйеуі болса да, ол бақытқа лайық», «Егер 10 рет тұрмысқа шықсаңыз да, бәрі жақсы. Адамдар сөйлеп, ұмытып кетеді. Ал, сізге дәл қазіргі сәтте бақытты болу керек», «Бақытты болу үшін ешқашан кеш емес, әйелдер бұған лайық» – деп атап өтті Әуелбекованың жанкүйерлері.
Фото: Instagram