Мәдина Сәдуақасова жағажайға буркинимен шықты

A
aigerakain
12 июля 2024

Мәдина Сәдуақасова
Instagram: sadvakasovamadina

Қазақстандық орындаушы Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Катарға барды. 44 жастағы әнші жағажайда мұсылман суға түсуге арналған киіммен суретке түсті.

«Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз! Бұл елде осылай киінбесем басқа амал жоқ.

Қалай ойлайсыз неге? Үш нұсқа айтайын: 

  1. Катар ең ыстық елдердің бірі.
  2. Бұл елдің ережесі осындай (ашық купальникпен суға түсуге болмайды).
  3. Отельде Қазақстандықтар өте көп , купальникпен жүру ұяттау», — деп жазды Сәдуақасова.

Әншінің суға түсуге арналған киімі барыс принті бар буркини болды. Мадина көздеріне қара көзілдірік тақты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше