Лисаның миллиардер жігітімен бірге түскен жаңа суреттері пайда болды

от aigerakain
Опубликовано: 16 августа 2023, 14:04
Instagram: lalalalisa_m

TAG Heuer бас директоры Фредерик Арномен қарым-қатынас туралы қауесеттердің өршіген уақытында BLACKPINK-тегі Лиса онымен бірге әуежайда байқалды.

14 тамызда әлеуметтік желілерде Лиса Фредерик Арноның жанында отырған фотосурет таралып кетті.

Бұл сурет Лиса мен оның болжамды жігіті Лос-Анджелес, Калифорния әуежайындағы өте бай адамдар үшін VIP күту залы PS Lax-та болғанын көрсетеді. PS Lax-қа кіру үшін Лиса мен Фредерик Арно әуежайдың "Private Suites" қызметін пайдалануы керек, оның жылдық төлемі 7,5 мың доллар және ішкі рейстер үшін 2,7 мың доллар ал халықаралық рейстер үшін 3 мың доллар тұрады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі фотосуреттерге байланысты Лиса Грецияда Фредерик Арномен бірге демалыс өткізді деген күдік туды. Қазіргі уақытта айдолдың қарым-қатынасы туралы қауесет расталған жоқ, бірақ жоққа да шығарылған жоқ.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше