Фариза Төреәлі аналық өмірі туралы айтты

A
aigerakain
09 апреля 2024

Блогер Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаевтың қызы Дара 5 айға толды
Instagram: farizatoreali

Блогер Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаевтың қызы Дара 5 айға толды. Фариза Instagram-да ана болу туралы әсерімен бөлісті.

Фариза жұбайы және қызымен жылы суреттер жариялады. Сәбиді блогер әлі оқырмандарына көрсетпейді. Фаризаның айтуынша, ол жаңа рөліне үйреніп қалған. 

«Үлкен қыз болдық. Жаңа әсем аналық рөліме, өмірдің жаңа этапына үйреніп те қалдым. Алланың жаратып қойғанын айтамын да… Нәрестеге қарау күш, уақыт, сабыр мен табандылық және үздіксіз махаббат беру керек. Ересек адамдар шаршаған сәтте баланың күлкісі арқылы бақыт гормондары бөлініп қайта күш жинап алады екен. Алланың даналығы шіркін...

Жаңа қылықтарына, гуілдеген әңгімелеріне, қабағын түйіп ұрысқанына, ары-бері аунағанына, күлкісіне қарап мәз болып бәрін ұмытамыз. Қазір және осы сәтте бақытты болу дегенді тереңінен сезіндім. Иістеріне тоймай, махаббатқа бөлеп, жылы сөздерді аямай жүре берейік»,

деп жазды блогер инста парақшасында.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше