Фариза Ескермес той көйлегін киді

A
aigerakain
31 июля 2024

 Фариза Ескермес
Instagram: fariza_yeskermes

Қазақстандық актриса Фариза Ескермес, үйлену тойына дайындалып жүр. «Мошенники» сериалының жұлдызы өзінің Instagram парақшасында той көйлегіндегі суретін көрсетті.

Жақында қазақстандық шоу-бизнестегі басы бос арулардың қатарынан кететін актриса ақ көйлек киіп жанкүйерлерін ғана емес, жұлдызды әріптестерін де қуантты. Оның нәзік келбеті оқырмандарын баурап алды. 

«Мен бұл фотосуреттер туралы мүлде ұмытып кеттіппін. Маған жараса ма?»,

деп Фариза оқырмандарынан сұрады. 

«Сұлу қыз, өте нәзік», «Өте қатты жарасады», «Мен сені жақсы көремін», «Неткен сұлулық», «Сондай нәзіксің», «Өте әдемі», «Сұлу қыз, бақытты бол», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.


Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше