Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды

от aigerakain
Опубликовано: 04 января 2024, 12:11
Instagram: erke_esmahan

Ерке Есмахан жаңа туған ұлының өміріндегі алғашқы маңызды күнін атап өтті — кішкентай Ислам 40 күнге толды.  

Музыканттар отбасы баланың қырқынан шығару рәсімін тыныш қана отбасында өткізуді жөн көріпті. 

«Алдында Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана. Әкесі артынан барлық қуанышымызбен бөлісіп бір той жасаймыз бұйыртса деді. Бәрінен бұрын мен 40 күндік міндетімнен құтылдым, ура. Енді қыдырамын»,

деп қуана жазды Ерке. 

Сондай-ақ, Ерке ұлына 40 күн бойы дайындаған нәресте қорабын көрсетті. 

Ислам Райымбек өткен жылдың қараша айының соңында дүниеге келді. Әкесі ұлына арнап бөлмені өз қолымен безендірген. Сәбидің бір айға толғанын да жас отбасы өз араларында атап өтті. 


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше