Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін алғаш рет RaiM-мен еліміз бойынша концерттік тур жасап жүр. Әнші дүниеге сәби әкелгеннен кейін әлі бұрынғы мүсініне орала қоймағанын сынаған көпшілікке жауап қайтарды.
Ерке Instagram-да қазіргі қалпын қабылдауға рұқсат сұрады.
«Қыздар, толық мүсінімді қабылдауға рұқсат беріңіздер. Өзіме ұнаймын. Күйеуіме ұнаймын. Басқа дым керек емес. Рианна екеуміз босанған кейін өмірге ризамыз»,
деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан былтыр қарашада екінші ұлын дүниеге әкелген болатын.
Фото: Instagram