Ерініп тұрсаңда жұмысқа кірісудің 8 жолы

A
aigerakain
27 июля 2023

Pexels: cottonbro studio

Тапсырмаларды кейінге қалдырмай, бірдеңе жасауды қалай бастауға болады? Жұмысың өнімді болу үшін 8 жолды ұсынамыз.

Тапсырмалар мен дедлайндар күтіп тұр, бірақ сен көрпе астынан шыққан келмей ме? Жаман жаңалық — ерте ме, кеш пе, іске кірісуің керек. Жақсы жаңалық — олардың орындалуын қызықты ойынға немесе рәсімге айналдыруға болады. Қандай трюктар қозғалуға көмектесетінін көрейік.

1. Рәсім ойлап тап

Кішкентай, қайталанатын әрекеттер рәсім мен өнімділік арасында ассоциативті байланыс орнатуға көмектеседі. Бұл рефлекс ретінде жұмыс істеуі керек: сен белгілі бір әрекетті жасайсың — кофе ішу, үстелді тазалау, істер тізімін жасау — өнімділікті реттеу үшін.

2. Істер тізімін жаса

Жоспарлауға жұмсалған әрбір минут 10 минуттық еңбекті үнемдейді. Үлкен істерді кішкентай бқлікке бөл (мысалы, курьерді күтіп алу, бір стақан су ішу, хабарламаға жауап беру).

3. Бес секунд ережесін қолдан

Мотивациялық кітаптардың авторы Мел Роббинс бес секундтық ережені қолдануды ұсынады: Егер сен бірдеңе жасауға ерініп тұрсаң, дем алып, дем шығар да және зымыран ұшырылғандағыдай бес тен бірге дейін сан. «Нөл» санына келгенде тұрып, іске кірісіп кет.

Бұл ереже іс-әрекеттің салдарын тым ұзақ ойлайтындарға көмектеседі. Бес секунд ішінде барлық нұсқаларды ойластыру мүмкін емес, жай тұрып, жасайсың. Кері тәртіпте санау маңызды: тікелей тәртіпте шексіз санауға болады, бірақ артқа қарай тек нөлге дейін санауға болады.

4. Тек бір қадам жаса

Бір қадам жаса, кез-келген, тіпті кішкентай, тіпті ең кішкентай, бұл ештеңеден жақсы. Егер саған курстық жұмыс жазу керек болса, бастау үшін қарапайым жұмыс үстелінде оған папка аш. Ия, бұған тек бірақ тетікті басу жеткілікті, бірақ ешқандай әрекеттің болмауынан гөрі жақсы.

5. «Бақа»-ны же

«Бақа» — бұл ең алдымен орындалуы керек жағымсыз, бірақ маңызды нәрселер. Табыс психологиясының сарапшысы Брайан Трейси түсіндіргендей, біз қарапайым әрекеттерді орындаудан бастаймыз — мысалы, маникюр жасау немесе кітап оқу.

Ол нәрселер адамға қуаныш сыйлайды және күннің сәтті болғанын сезіндіреді, бірақ олар бізді дамытпайды. «Бақа», ең жағымсыз болса да, тез жұтылады — демек, жаңа істерге орын босатылады.

6. Рөл ойна

Егер [өз атыңды қой] бір күнге арналған барлық үлкен істер тізімін жасай алмаса, онда сериалдар немесе кітаптардағы сүйікті кейіпкеріңе жауапкершілікті қайта жүкте. Елестетіп көрші, сен оның кейпінде бір күн бойы болдың — ол мұндай жағдайда өзін қалай ұстар еді?

Мүмкін Супермен сияқты істі батыл шешер ме еді? Немесе оларды Шерил Блоссом сияқты басқа адамға тапсырды ма? Немесе процеске Фиби Буффе сияқты шығармашылықпен қарайсың ба? Егер жұмысқа кірісетін сен болмасаң, онда жоғалтатын ештеңе жоқ — сондықтан алға!

Pexels: Vlada Karpovich

7. Ештеңе жасама

Тік отырып, қолыңды тізеңе қойып және кем дегенде 5 минут ештеңе жасамай отырып көрші. Шамамен ортасында түрлі ойлардан миды тыныштандырау үшін кем дегенде бір нәрсе жасағың келеді. Қажетті минуттар өткен кезде, құры отырмау үшін бір іспен айналысуға деген ынтаң пайда болады.

8. Сыйақы дайында

Біз кейбір нәрселерді кейінге қалдырамыз, өйткені біз өзімізге пайда көрмейміз. Рас, егер филологиялық оқуға түскің келсе, неге теңдеулерді шешесің? Тапсырманы уақытында орындасаң, өзіңді аздап жігерлендіруге уәде бер: сүйікті сусын, сериалдың эпизодын баяу қарау немесе жиырма минуттық ұйқы.


Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше