Егер жігіт сені өткенің үшін сөгсе не істеу керек?

от aigerakain
Опубликовано: 04 января 2024, 16:00
Pexels: Timur Weber 

Біреу сені өткен өмірің үшін сөгсе,  көңіліңе тиеді, өйткені оны өзгерту мүмкін емес.

Сен жақсы көретін адам бұлай жасаса, екі есе жаныңа батады. Егер жігіт бұрын болған оқиға үшін сөгіп жатса, не істеу керектігі туралы кеңестерді оқып шық.

Өзіңді кінәлі сезінбе

Жігіттің бұл әрекеттері сені өткенің үшін кінәлі сезіндіруі мүмкін. Бірақ, бір кездері жасаған қателіктерің мен әрекеттерің қазір тұлға болып қалыптасқаныңа көмектескенін есте ұстаған жөн. Тиісінше, сен бұл тәжірибені қабылдап, одан сабақ алуың керек және одан ұялмаған жөн.

Жігітке эмоцияларың жайлы хабарла

Ашық және адал сөйлесу — келіспеушіліктерді шешудің жақсы тәсілі. Тыныш ренжіп жату емес, жігітке оның сөздері зиян тигізетінін хабарлау маңызды.

Мысалы, «Сенің әзілдерің менің өткен өмірім жайлы болғанда жаныма қатты батады», «Мені бұрын біреумен қарым-қатынас құрдың деп айыптағаның мені ренжітеді». 

Pexels: Timur Weber 
Жігіттің не қалайтынына анализ жаса

Неліктен сүйіктің сенімен қарым-қатынас жасау үшін сөгіс іздейтіні туралы ойлану маңызды. Бірінші себеп — жеке қорқыныштың көрінісі. Ол сені өткенге қызғануы мүмкін, бұл қарым-қатынасыңа әсер етеді деп, қайтадан дұрыс емес шешім қабылдайсың деп қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда оның қорқынышын талқылау, сеніммен жұмыс істеу, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде ұстанатын шекараларды белгілеу маңызды.

Өз дегеніңде тұруды үйрен

Кейбір адамдар өздеріне зиян келтіретін сөгістерге назар аудармауға тырысады. Олар мұны қарым-қатынастағы қақтығыстарды болдырмау үшін жасайды. Бірақ, үндемей ренжіп жүру жағдайды нашарлатады. Сондықтан өз мүдделеріңді қорғауды үйрену маңызды.

Психологтың көмегіне жүгін

Ерлі-зайыптылар әрқашан өз күштерімен татуласып, жақсы қарым-қатынас орната алмайды. Егер серіктес  бейсаналық түрде сөгіп жатса және оның мінез-құлқындағы қорқынышын жеңе алмаса, психологқа бірге баруды жоспарлаған жөн. Маман өткенге, үміттер мен қорқыныштарға осындай көңіл бөлудің себептерін түсінуге көмектеседі, сонымен қатар жағдайдан шығудың жолдарын ұсынады.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше