Егер ернің үнемі жарылып жүрсе: суық мезгілге арналған сұлулық лайфхактар

Қыс – біз үшін ғана емес, ерніміздің нәзік терісі үшін де нағыз сынақ. Біз жылы киім киіп, өзімізді аяздан қорғай аламыз, тек бет қауіпті аймақта. Егер оған суыққа арналған креммен көмектесе алсақ, ерініңе көңіл бөлінбей қалуы мүмкін.

АА
Арайлым Ақан
20 января 2025

Ернің жарылса
Instagram: @haileybieber
Егер ернің үнемі жарылып жүрсе: суық мезгілге арналған сұлулық лайфхактар

Instagram: @haileybieber

Ерніңді жалаудың қажеті жоқ екенін білесің, сонымен қатар оларды ылғалдандырып, көбірек су ішуге тырысу керек. Сондықтан, қыста құрғақ ерін мәселесін шешуге көмектесетін лайфхактарды сақтап ал.

Пептидтері бар ерін бальзамдары

Сен ерін өнімдерінде пептидтердің жиі кездесетінін байқаған боларсың. Бұл күтімнің таптырмас көмекшісі – терінің серпімділігін арттыруға, регенерацияны ынталандыруға, әжімдерді тегістеуге көмектеседі. Пептидтер еріннің нәзік терісін қалпына келтіруде сенің ең жақсы досың болады. Хейли Биберге ерін құрамындағы осындай керемет ингредиентті танымал еткені үшін рахмет!

Егер ернің үнемі жарылып жүрсе: суық мезгілге арналған сұлулық лайфхактар

Instagram: @haileybieber

Ерніңді тістеме

Мүмкін, тері жарылып, қабыршақтана бастағанда, ерніңді тістегің келетін шығар. Олай жасама! Сен жарақаттап қана қоймай, инфекцияны жараға енгізу ықтималдығын жоғарылатасың. Мұны қаламайсың, солай ма? Бұл тәуелділіктен қалай арылуға болатындығы туралы ойлану керек. Біріншіден, ерніңді әрдайым ылғалдандырып, нәрлендіруге тырыс. Сонда жұмсақ теріні тістегің келмейді. Сондай-ақ, әдетті ауыстырудың жолын ізде және одан алшақта. Стресс деңгейін төмендет – кітап оқып, жиі серуендеп, демал. Сонда ол туралы ойлауды тоқтатасың.

Бет күтіміңді ерніңе да жаса

Бетке арналған өнімдерді ерінге міндетті түрде қолдану қажет! Таң қалып тұрған боларсың? Ондағы тері сенің қабағыңдағыдай. Жұқа және сезімтал, сондықтан еріннің нәзік терісіне бет күтімін қолдануды ұсынамыз. Ұқыпты бол және тек сарысулар мен крем сияқты ылғалдандырғыштарды жақ. Егер өнімде гиалурон қышқылы, табиғи майлар немесе дәрумендер болса жақсы. Қорықпа – бұл сенің ерніңе зиян тигізбейді, тек нәрлендіреді және ылғалдандырады.

Түнгі ерін күтімі

Ұйықтар алдындағы күтім де өте маңызды. Сен нәрленген және жұмсақ ерінмен оянасың. Бұған қол жеткізу үшін екі өнімді қолдану жеткілікті — гиалурон сарысуы және ерін маскасы. Бетіңді жу, күтім жаса, содан кейін құрғақ ерніңе сарысуды жақ. Ол майда әжімдерді толтырады және ылғалдандырады. Бірнеше минут сарысуға сіңуге уақыт бер. Содан кейін ылғалдандыруды жабу үшін ерін маскасын немесе вазелинді қолдан.


Фото: Instagram

Дереккөз: TheGirl

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше