YG Entertainment BLACKPINK мүшелерінің келісімшарттарын ұзартқаны жайлы ақпарат берген жоқ.
Қыркүйек аяқталуға жақын, ал YG Entertainment әлі де жанкүйерлердің басты K-pop сұрағына жауап беруден қорқады. Ол сұрақ, әрине, топтың тарауы жайлы. Шетелдік және корейлік БАҚ өкілдері Лиса YG-дің екі келісімшартынан бас тартып, басқа елдердің компанияларынан миллиондаған долларлық ұсыныстарды қабылдады деген қауесетті белсенді түрде таратуда.
Жанкүйерлердің көпшілігі қыздардан «BORN PINK» турындағы соңғы Сеулде өткен концертінде өз шешімдерін айтады деп күтті. Бірақ олар ешқандай мәлімдеме жасамады.
«Біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз. BLACKPINK болашақта көп жұмыс істеп, жақсы жақтарын көрсетуді жалғастырады», — деп бөлісті Дженни сахнада тұрып. Осы сөздерден кейін жанкүйерлердің уайымдары сейілгендей болды.
Фото: Instagram