
Бұл нұсқаулық барлығына алдағы шуақты күндері қажет болады.
Көптеген адамдар жағажайда күн астында жатуды ұнатады, тағы бір бөлігі — күнге күйгенді жақсы көреді. Бірақ, бұл біздің терімізге зиян тигізеді, тіпті терінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Ал, күн сәулесіне күю қауіпсіз болуы мүмкін бе? Спойлер: жалпы иә.
Күн сәулесінде қауіпсіз уақыт өткізудің ешқандай жолы жоқ екенін есте ұстаған жөн, егер сен SPF құралдарын қолданбасаң, ең ыстық уақытта — сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін күн көзіне шыққан дұрыс. Бірақ 40 минуттан артық сәуле астында тұрмаған жөн — бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары. Егер сен көлеңкеде болсаң да, SPF қолдану өте маңызды, өйткені сәулелер теріге бұлт арқылы да түсуі мүмкін.

Әрине, егер күннен қорғайтын кремді қолдансаң, теріңдегі қоңыр түс тез пайда болмайды. Бірақ, уақыт өте келе тері аздап қарайып кетеді, өйткені SPF әдетте сәулелердің 97-98% ғана қорғайды.
Фото: Instagram