Барлық айдолдар — бұл тек қалаулары мен оғаш әдеттері ғана емес, сонымен бірге үлкен қорқыныштары бар тірі адамдар.
Көптеген адамдар үшін қалыпты болып көрінетін нәрсе бұл аруларға жүйке мен эмоцияның сынағына айналады. Дженни, Лиса, Розэ және Джису неден қорқады?
Дженни
Дженни сұлудың ерекше қорқынышынан бастайық. Ару көбелектерден қатты қорқады және олардан бірден қашады. Бұл оның жалғыз қорқынышы емес. Басқа адамдар кірпіні жақсы көрсе, Дженни бұл жануарларды көргенде зәресі қалмайды.
Розэ
Розэ инеден қатты қорқады, бұл медициналық көмекке жүгінген кезде проблемаға айналады. Ол инъекциядан қатты қорқатыны соншалық, оның дерматологы пациенттің жасы туралы жиі сұрайды, өйткені бұл баланың реакциясы сияқты. Дәрігерге барған сайын әншінің қандай күйзеліске ұшырайтынын түсініп тұрған шығарсың.
Лиса
Лисаның фобиялары Розэға ұқсайды, өйткені ол да инелерден қорқады, бірақ оның өмір сүруіне кедергі келтіретін тағы бір ерекше қорқынышы бар. Ол елестерден қорқатыны соншалық, түнде жуынатын бөлменің жарығын немесе ұйықтауға арналған музыканы қосады. Сүйікті мысықтары оған қараңғыда жасырынып қалуы мүмкін елестер туралы ойлардан арылуға көмектеседі.
Джису
Топтың ең үлкен мүшесі биіктіктен қатты қорқады. Алайда, ару Таиландтағы zipline-ға барып, қорқынышын жеңді. Одан бөлек Джисудың тағы бір фобиясы бар. Бала кезінде оны кішкентай тышқан тістеп алғаннан бері, қыз кез-келген жүнді жануарлардан қорқады.
Фото: Instagram
Ақпарат көзі: The Girl