Бишімбаевтың ісін жүргізген Айжан Құлбаева марапатталды

A
aigerakain
29 октября 2024

Pexels: Sora Shimazaki

28 қазан күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Айжан Құлбаева марапатталды.

Заң үстемдігін арттыруға үлес қосқаны үшін судьяға Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова Жоғарғы Соттың ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыс етті.

Марапатты табыстау барысында А.Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың қылмысын сотта дәлелдеуге үлес қосқан прокурорлар да назардан тыс қалмады. Ұлттық мереке қарсаңында Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше