Бір ғана жазалау әдістерімен зорлық-зомбылық жағдайын түзету мүмкін емес, қоғамның белсенді қолдауы қажет, деп атап өтті Берік Асылов.
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов астананың «Гастроорталығында» орын алған Салтанат Нүкенованың ісі жайлы пікір білдірді. Бұл іс бойынша ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев күдікті.
«Жақында Астанада Нүкенованың өлтірілуі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. 150 мыңға жуық қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды»,
деді Берік Асылов.
Бас прокурор атап өткендей, прокуратура осы бағытта тұрақты жұмыс жүргізуде. Биылғы жылы тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайғанын, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салғанын, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шағымдарына ден қою жөніндегі полиция жұмысын қайта қалпына келтіргенін атап өтті.
«Нәтижесінде — әкімшілік жауапкершілікке тартылған отбасылық қылмыскерлер саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін өсті. Жыл басынан бері кісі өлтіргені және өлімге әкеп соқтырған ауыр зақым келтіргені үшін 80 адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ кейбір жазалау әдістерімен жағдайды түзету мүмкін емес. Қоғам мен әрбір азаматтың тәртіп орнатуда белсенді қолдауы қажет»,
деп қорытындылады Берік Асылов.
Фото: Instagram
Ақпарат көзі: Informburo