Баян Алагөзованың жұбайы қызметкерлерінің ата-анасына зейнетақы төлейтінін мәлімдеді

Баян Алагөзованың жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясының қызметкерлеріне күтпеген сый жасады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 22 декабря 2025, 10:39
Баян Алагөзова, Тұрсынғали
Instagram: @tursen_alaguzov

Корпоративтік кеш барысында ол тек қызметкерлерді ғана емес, олардың отбасындағы жандарды да қуантуды жөн көрді.

2026 жылдан бастап компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын 50 мың теңге көлемінде қосымша зейнетақы төлемі берілетін болады. Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, бұл — «компания үшін құнды маман тәрбиелеп өсіргені үшін» ата-аналарға көрсетілген алғыстың белгісі.

Бұл жаңалықпен Баян Алагөзова Instagram парақшасында бөлісті.

«Сені мақтан тұтамын, махаббатым»,—

деп жазды продюсер.

Аталған бастама әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көптеген қолданушылар Қазақстанда корпоративтік мәдениет аясында мұндай қадамдардың сирек кездесетінін атап өтіп, өзге компаниялар үшін үлгі бола алатынын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов Алматы қаласынан қызметкерлеріне 100 пәтер сыйға тартқан еді. Тұрғын үй сертификаттарын табыстау рәсімінде сөйлеген сөзінде ол көпжылдық адал еңбегі мен «ел экономикасының дамуына қосқан үлесі» үшін бірқатар қызметкерлеріне ризашылығын білдірген болатын.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше