
Тамыз айында 10 демалыс күні бар.
Тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. 30 тамыз — мемлекеттік мереке.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ, осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.
Биыл 30 тамыз жұма күніне келіп тұр.
Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30,31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.
Фото: