Қазақстандық спортшы топ-25 жас көшбасшылардың қатарына енді

от adminPMG
Опубликовано: 20 февраля 2025, 08:44

Instagram: @yeenliik

Еңлік Ұлтарақова Халықаралық Олимпиада комитеті ұйымдастырған IOC Young Leaders халықаралық бастамасының 25 қатысушысының бірі атанды.

Порталдың хабарлауынша, IOC Young Leaders – бұл әлеуметтік мәселелерді шешу үшін спортты пайдаланатын жас белсенділерді қолдауға бағытталған төрт жылдық бағдарлама.

Қатысушылар өз идеяларын жүзеге асыру үшін қаржыландыру, білім беру ресурстары және сараптамалық көмек алады.

Еңлік Ұлтарақова, Назарбаев Университетінің магистранты әрі спорттық медицина саласының маманы, Қазақстан жастарын (14-21 жас аралығы) спортқа баулу және денсаулық туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған жобаны ұсынады.

«Бағдарламаға қатысу арқылы Еңлік өз бастамасын жүзеге асыру үшін 10 000 швейцариялық франк көлемінде грант алады»,

делінген басылымда.

Қазақстан ҰОК спортта білім алуға бағытталған бастамаларды қолдайды, бұл олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету және мамандардың біліктілік деңгейін арттыру және өсуі үшін жағдай жасау жөніндегі басымдықтарға сәйкес келеді.


Фото: Instagram

Дереккөз: NewTimes.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше