Қазақстандық әнші қазақ қыздарының шетелдік азаматтармен некесін сынға алды

A
aigerakain
18 июня 2024

Shutterstock: berdikabuloff

Тоқтар Серіков қазақтың басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын білсе, жүрегі ауыратынын айтты.

Белгілі қазақстандық әнші Тоқтар Серіков қазақ қыздарының басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруына қарсылығын ашық білдірді. Әртіс оның сөздері — қазақ халқының болашағы үшін туындаған берік азаматтық ұстаным екенін атап өтті. 

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Серіков елдің болашағына алаңдайтынын жеткізді. 

«Маған көп адам шүйлікті. Бұл — менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса, қатты қарсымын. Жүрегім ауырады»,

деді әнші. 

Оның айтуынша, ұлтаралық некеде туылған балалар «дүбара ұлтқа» ие болады.

«Қазақ қыздарының қытайға тигеніне қарсымын. Оның қасында орыс айналайын болып қалды. Қытай ұлтының жігітіне қазақ қызы күйеуге шығып жатыр дегенді естісем, сеңдей бұзылып, көңілім түседі. Қатты қарсымын. Қытай мен қазақтың ортасынан дүбара ұлт пайда болады. Менің ойлайтыным — сол. Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ, қазақ қыздары қазақ жігітіне ғана тұрмысқа шықса екен деп тілеймін»,

деп түйіндеді ол.

Фото: Shutterstock

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше