
Қазақстандық актриса және модель Американы жаулап алуды жалғастыруда. Бұл жолы оның келбеті Манхэтеннің орталық бөлігіндегі басты алаңды безендірді.
Зарина Ева — Тараздың тумасы, ол алдымен Қазақстанда, кейінірек мұхит асып модель ретінде жұмыс істеп жүр. Қыз әйгілі Vogue, Harpers Bazaar, Elle, Glamour, L'Officiel, Maxim журналдарының мұқабаларында пайда болды, әлемдік подиумдарда бой көрсетіп, сұлулық байқауларына қатысты.
Қазір оның келбетін туристік аймақ және Нью-Йорктегі ең көп баратын алаң — Таймс-скверде көрсетті. Модель ол үшін бұл тағы бір орындалған арман екенін мойындайды.
«Тараздан шыққан кішкентай қыз үшін Таймс-сквердегі үлкен билбордта шығу — бұл керемет оқиға. Мен әр қыздың өзіне сенгенін, өз армандарының артынан сенімді жүргенін және берілмегенін қалаймын. Өмірде әрдайым қиындықтар болады, бірақ оны жеңе білу маңызды. Бас тартулар жиі кездесетін спорт пен модель бизнесінің арқасында мен берілмеуді үйрендім»,
дейді Зарина Ева.
Зарина әрдайым тыныш бала болғанын, бірақ бүкіл әлемге танымал болуды армандағанын айтады.
«Буллинг және мазақ ету менің үлкен мақсаттарға деген ұмтылысымды бұза алмады. Бала кезімде мен актриса болуды армандайтынмын, ал бүгін менің армандарым орындалады — мен қазір А класындағы жұлдыздардың қасында екі голливудтық картинада ойнаймын, бірақ бұл жайлы әлі ашып айта алмаймын»,
деп қосты актриса.
Зарина әлем армандаушы адамдарға тиесілі деп санайды және барлығын ашық жүрекпен өмір сүруге және өздерінің қалаған армандарын есте сақтауға шақырады.
Фото: Instagram