Қазақстанда АПВ қарсы вакцинациялау басталды

A
aigerakain
19 сентября 2024

Қазақстанда АПВ қарсы вакцинациялау басталды
Pexels: Gustavo Fring

Осы айдан бастап елде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папиломмасы вирусына қарсы вакцинация басталды.

Тиісті қаулыға бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қол қойды.

11 жастағы қыздар вакцинациялауға жатады, сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау көзделген.

Екпе ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мектеп медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

АПВ-ға қарсы вакцинациясы қыздарды қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған. Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі Халықаралық зерттеулермен расталған және бүгінгі күні ол Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанды қоса алғанда әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ таралуы 90%-ға төмендеді.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші онкологиялық ауру және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасында өлім-жітімнің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның негізгі даму факторы АВП инфекциясы болып табылады.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше