Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды

A
aigerakain
08 января 2024

Алтынай Жорабаева
Instagram: altynaizhorabayeva

45 жастағы қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды. Бұл туралы өзінің Instagram-дағы аккаунтында тележүргізуші Анна Данченко хабарлады.

Естеріңе сала кетейік, қыркүйекте Алтынай Жорабаева бесінші жүктілігі туралы хабарлаған еді. Сол кезде төрт қыздың анасы ұл қалайтынын мойындады. 

Алайда, ол күйеуі Алишер үшін баланың жынысы маңызды емес екенін, ең бастысы, сәбидің дені сау болып туылғанын қалайтындарын атап өтті.

«Сүйінші! Алтынай ханым аман-есен бесінші қызын дүниеге әкелді. Жұғысты болсын!»,

деп жазды Анна Данченко өз парақшасында. 

Әлеуметтік желі қолданушылары әртісті және оның отбасын қуаныштарымен құттықтауға асықты.

«Тағы бір сұлу дүниеге келді. Құттықтаймыз !», «Мен бүгін естіген ең жақсы жаңалық», «Қыздың туылуымен құттықтаймын!» — деп жазып жатты желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше