Алматыда VІI Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтеді

A
aigerakain
08 сентября 2023

Алматыда VІI Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтеді

«Бәйге федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтеді. Сайыс 16 қыркүйек күні сағат 12.00-де Алматы қаласының ипподромында болады.

Турнир ат жарысының үш түрі бойынша өтеді: Құнан Бәйге, Топ Бәйге және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңгені құрайды.

Алматыда VІI Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты өтеді

Чемпионат спортшыларға өз қабілеттерін көрсетіп, әділ сайысқа шығуға бірегей мүмкіндік береді. Жеңімпаздар 7 қазанда Алматы қаласында өтетін финалға жолдама алатын болады.

Іс-шара қызықты жарыс атмосферасын және кәсіби спортшыларды тамашалауға, оларды қолдауға мүмкіндік береді. Бұл қатысушылармен танысуға, Бәйге туралы көбірек білуге және ұлттық спортымызды қолдауға тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар, көрермендер үшін:  Федерацияның амбассадоры —  Асылбек Енсепов және арнайы шақырылған қонақтар — Ерболат Құдайберген мен Еркін Құдайберген өнер көрсетеді.

Іс-шараның серіктестері: «Бәйге федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. 

Бас демеуші – OLIMPBET. Іс-шараның демеушілері: Kusto Group, Көк-төбе City, Compass, Wendy's, MYD production, YPO Kazakhstan, Yos Agency.


Фото: пресс-офис

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше