Алина Хоманың жүрегі бос па?

от aigerakain
Опубликовано: 28 июля 2023, 15:26
Instagram: hommm9k

Миллиондаған қаралымдар және ғаламтордың соңғы трендтері — блогер Хома қалай өмір сүреді? Белгілі болғандай, Алинаның танымалдылығының кері тұстары да бар: бұл тек келісімшарттар, жаңа мәмілелер және жанкүйерлермен фотосуреттер емес.

«Менің танымалдылығым маған кедергі келтіретін нәрсе — бұл жеке өмірде, егер жеке кеңістікті қалаған кезде. Жай ғана үйден шығып, тыныш серуендегің келген кезде. Мен әрең бастан өткеретін өте қиын сәттер бар. Менің көңіл-күйім жоқ немесе қатты ашуға берілген сәтте, эмоциялардың барлығын серуендеп басуға тырысамын. Сол кездерде фотоға түсуден бас тартуды мүлдем қабылдамайтын адамдар бар. Дұрыс қабылдай алмайды. Мен тез кетіп қаламын, бірақ бәрібір жағымсыз сөздерді естимін. Бұл көңіл-күйге, жалпы жағдайға әсер етеді. Мен ешкімнен бас тартпауға тырысамын, егер мен адамдардан бас тартсам, олар мені қарғайды және бұл маған қайта оралады деп сенемін. Сол үшін өзімді жайсыз сезінемін»,

дейді Хома.

Сонымен қатар, хейтерлерді, әлеуметтік желілерді қолданушылар, өздерінің жеккөрушіліктерін белсенді, табанды және ашық түрде білдіретін адамдарды, блогер өз жұмысының жағымды емес компоненттерінің бірі деп санайды.

«Шынайы өмірде, TikTok немесе Instagram-да емес, бұл маған әсер етеді, қаласаң да қаламасаң да, естисің. Ал желіде мен хайтерлерге сабырлы қараймын. Мен бәріне ұнау мүмкін емес екенін түсіндім. Егер олар маған әлеуметтік желілерде жағымсыз пікір жазса, бұл мені ренжітпейді. Мен бұл туралы тіпті білмеймін, өйткені барлық негативтер төменде қалады. Ең жақсы, үлкен пікірлер – жоғарғы жағында, алгоритмдер TikTok-та осылай жұмыс істейді. Сондықтан мен төмен түспеймін, өйткені ол жерде бәрі жаман екенін білемін. Instagram-да мен тіпті пікірлерді ашпаймын, мен мүлдем басқа аудитория, басқа контингент екенін білемін»,

дейді Алина.

Бір сұхбатында Алина Ким бірнеше жыл бұрын оның барлық достары жігіттермен жүргенде, оған ешкім қарамағанын айтты. Оған болашақ жарының қандай болатыны қызық болған. Енді блогер өмірдің толығымен сезінуге жұмыстың көптігі мен уақыттың жетіспеушілігі кедергі келтіреді.

«Менің жүрегім әлі де бос. Мен ешкіммен қарым-қатынаста емеспін, ешкіммен кездеспеймін. Егер мен үшін ер адамның идеалы туралы айтатын болсақ, онда ол өте сүйіспеншілікке толы, қамқор, менімен 24/7 болатын ер азамат, солай болуы керек. Бұл адам маған қарағанда сабырлы, бірақ авантюрист, қызықты. Менің ойымша, ең бастысы, адам бастама көтеріп, алдына қойған мақсаты болса, және отбасын асырау үшін, саяхаттай алу үшін үлкен жетістікке жеткісі келетенін ұмтылысы болса»,

дейді Алина.

Сонымен қатар, Хома балалық шағын үлкен ағаларымен қалай өткізгені туралы күлімсіреп еске алады.

«Мен әрқашан әділдік үшін болдым, бірақ мектепте жиі ренжітетін. Мен өзім үшін тұруды үйренуім керек еді, кейде мен тіпті ұлдармен де күресетінмін. Осыған байланысты мені бірнеше рет бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстырған. Менің төбелесім үшін анамды мектепке шақырған кезде, ол маған өзгеруім керек екенін айтты»,

дейді блогер.

Өкінішке орай, қазіргі қоғамның созылмалы шаршау және күйіп қалу сияқты проблемасы Алина Ким сияқты көңілді және жеңіл адамнан да өткен жоқ.

«Мен ештеңе істегім келмей, ештеңеге зауқым болмайтын кездерім бола ма? Менде дәл қазір сондай жағдай, бірақ мен өте сабырлы болып көрінемін. Бұл күтуге байланысты шығар. Менде қазір бір жобада түсірілмдер болып жатыр, олар мені таңғы 5-те алып кетеді, мен кешке дейін жұмыс істеймін. Мен үйге келемін, макияждың барлығын жуып, ұйықтамын. Менің күндерім осылай өтеді. Сериалға дейін, дайындық жүріп жатқанда, мен мұның бәрін басқаша елестететінмін, мен түсірілімнен мейкпен келеміп, бірден бірдеңе түсіремін, монтаж жасап және сториске саламын. Мен бәріне үлгере алмаймын»,

деп бөлісті Алина.

Фото: Instagram

Ақпарат көзі: Tengri News

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше