Әнші және актриса Жанар Айжанова өзінің туған күнін атап өтті. Оның қызы, Айжұлдыз Адайбекова анасымен бірге 2000-шы жылдардың танымал әніне билеген видео жариялады.
Актриса және әнші Жанар Айжанованың туған күні көңілді өтті. Кештің шағын үзіндісін оның қызы Айжұлдыз көрсетті. Ару Instagram-да пост жариялады — бірінші слайдта ана мен қызының билеген суретін, ал екіншісінде Жанар ханым мен Айжұлдыздың видеосын көре аласың. Айжанова мен Адайбекова молдовалық O-Zone тобының "Dragostea Din Tei" хитіне бірге биледі.
«Туған күніңмен, менің патшайымым», – деп құттықтады танымал анасын Айжулдыз. Құттықтауларға көптеген оқырмандары қосылды. «Жасыңыз ұзақ болсын, Жанар апай!», «Мен таңданатын екі адам», «Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын», – деп жазды оқырмандары.
Фото: Instagram