
Айсәуле Бақытбектің кіші қызы биыл 1 жасқа толды. Осыған орай блогер Сәттінің «тұсау кесер» рәсімін өткізді. Жас ана желіде кештің қалай өткенін көрсетті.
Айсәуле салтанатты шараға жемістер тақырыбын таңдаған. Барлық зал мен суретке түсетін аймақ та жеміс-жидекпен безендірілген. Қонақтарға арналған «Сәтті-фрутти» деп аталатын жеміс-жидек бары болды.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек пен жолдасы қыздарын көпшілікке әлі көрсетуге дайын емес. Дегенмен халық кешке келген қонақтар мен дастарханды тамашалап үлгерді. Олар блогерге ақ тілегін жаудырып, бақытты ғұмыр тіледі. «Қандай керемет», «Ақылды, білімді әрі тәрбиелі қыз», «Бақытты болыңыздар», «Қыздарыңыз ақылды болып өссін», «Көрсең, көзің тоятын отбасы» , — жазды желі қолданушылары.