Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Тель – Авив – Алматы бағыты бойынша Израильге бір рейсті орындауды жоспарлап отыр.
«10 қазанда Air Astana әуекомпаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден ақтауға техникалық қонумен әкету бойынша Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша КС – 6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр»,
делінген хабарламада.
Алматыдан ұшу уақыты сағат 08:00-ге, Тель - Авивтен ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.
Қазіргі уақытта авиакомпанияның мәліметінше, Тель-Авив әуежайы қону және ұшу уақытын келіседі деп күтілуде.
Барлық сұрақтар бойынша авиакомпанияның көмек орталығына хабарласу қажет help.airastana.com, баланыс нөмерлері: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің бағалауы бойынша Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израиль Газа секторынан бұрын-соңды болмаған зымыран шабуылына ұшырады. Елдің қорғаныс армиясының бағалауы бойынша Израиль аумағында екі мыңнан астам зымыран атылған. Сонымен қатар, Палестинаның ХАМАС қозғалысының ондаған жауынгерлері елдің шекаралас аймақтарына еніп кетті.
Ақпарат көзі: TengriTravel