aespa-дағы Винтер өкпесіне ота жасатты

A
aigerakain
12 апреля 2024

aespa Винтер
Instagram: imwinter

12 сәуірде SM Entertainment агенттігі aespa-дағы Винтер отадан кейін қалпына келіп жатқанын растады. Оны жасауға тура келген, өйткені әртісте пневмоторакс болған, бұл жағдай әдетте өкпенің қысылуы деп аталады.

«Жақында Винтерге пневмоторакстан ота жасалды және қазіргі уақытта қалпына келіп жатыр», – деді агенттік. 

Пневмоторакс рецидивке бейім ауру болғандықтан, дәрігердің пікіріне сәйкес профилактикалық шара ретінде жүргізілді және шешім ұзақ талқылаудан кейін қабылданыпты.

SM Entertainment атап өтті: «Оның жұмыс кестесіне келетін болсақ, біз Винтердің жазылып кетуін көбірек ойлаймыз».

Мамыр айында aespa-ның оралуы жоспарланған, содан кейін топтың әлемдік туры маусым айының соңында басталады.

Винтердің сауығып кетуін тілейміз!


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше