
Instagram: @rkive
BTS мемберлерінің бір бөлігі әлі де әскери қызметте. RM 10 маусымда оралады, бірақ қолы босағанда әлеуметтік желіге жаңа сурет жүктеуге, әртүрлі іс-шараларға уақыт табады.
Топтың мемберлері өздерінің өткен және жеке өмірлері туралы ақпараттармен жиі бөліспесе де, Намджун жақында балалық шағындағы бірнеше сурет жүктеді. Төменде көріп отырғандай, ол бала кезінен коала сияқты болған және әкесінің арқасына мініп жүрген.

Instagram: @rkive
«Намджунның әкесі 1998 жылы бүкіл k-pop индустриясын иығына көтеріп, ұлының болашақта ел мәдениетінің іргетасы болатынын әлі білмеген кездегі суреті», «Ол туғаннан бастап коала болған екен!» «Мен Намджунды анасының көшірмесі деп ойладым, бірақ әкесіне қаншалықты ұқсайтынын көруге болады»,
деп жазды желі қолданушылары.
Нетизендердің назарын жаңа туған Намджунның салмағы жазылған қағаз аударды — 4,47 келі.

Instagram: @rkive
Бұл ақпарат барлығын таң қалдырды және анасына жаны ашығандар да болды:
- «Мә, салмағы үлкен бала болыпты. Байқұс, анасы...»;
- «Салмағы бойынша бұл премиум жеткізу болды. Оны бізге аман-есен әкелгеніңіз үшін рахмет»;
- «Анасына шынымен осындай ауыртпалықты көтергені үшін рахмет!»,
- «Біз оның анасына гүл жіберіп, оған барлығы үшін алғыс айтуымыз керек».
Фото: Instagram
Дереккөз: TheGirl