Альмира Тұрсын болашақ сәбиінің жынысын айтты
«Томирис» фильмі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын жақында қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Актриса құрсағындағы сәбиінің жынысын білгенін әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
Альмира гендерлік мерекелерге қатысты өз ойын да жасырмады.
««Гендер парти қазақтардың мерекесы емес» - деп, фото сала салайыншы. Құдай бұйырса, қыз күтудеміз», –
деп жазды ол.
Айта кету керек, бұған дейін Баян Мақсатқызы Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның әдемі жұн екенін айтқан болатын.
«Ақан мен Альмира жас жұбайлардай әсер қалдырады. Өте жарасымды, бір-біріне деген махаббаты анық байқалады», –
деп пікір білдірді продюсер.
Фото: Instagram