
Ғалымдар адамның IQ деңгейі жоғары екенін көрсететін негізгі сипаттамаларын айтты.
Business Insider хабарлағандай, жақсы дамыған когнитивтік қабілеттер туралы айтатын бірінші нәрсе — адамның ішкі монологты жүргізу қабілеті. Өзіңмен сөйлесу ойларды құрылымдауға және ақыл-ой белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Екіншісі — өзіңді жайлы сезіну қабілеті. Психологтардың пікірінше, еш қиындықсыз жалғыз бола алатын адам өзін-өзі тәртіпке сала алады және терең ойлауға бейім.
Ақылды адамның үшінші қасиеті — жақсы әзіл айта алады.
Ал, төртіншісі — қызығушылық. Даму деңгейі жоғары адам жаңа білімнен қорықпайды, керісінше оларды үнемі алуға тырысады, бұл интеллектуалды қабілеттердің өсуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, ғалымдар ақылды адамдар көбінесе кеш ұйықтауға бейім екенін атап өтеді; көп нәрсені білмейтінін және жасай алмайтынын түсінеді; өз қателіктерін мойындауға қабілетті; эмпатия көрсетеді.
Фото: Unsplash