Барлық адамдар батылдық танытып, қарым-қатынасты аяқтағысы келетінін айта алмайды.
Бірақ, мұны олардың мінез-құлқы мен сөздерінен байқауға болады. Материалда біз жігіттің өзі айтапаса да, айырылысқысы келіп жүргенінің белгілерін жинадық.
1. Ол сенімен аз уақыт өткізеді
Жаныңдағы адамға қызығушылығы жойылған кезде, бірге уақыт өзкізгісі келмейді. Сондықтан, жігіт сенің қасыңызда болмау үшін кез-келген сылтау ойлап табуы мүмкін. Ол жиі қажет болмаса да жұмысында қалып қояды, немесе өз қызығушылықтарына көбірек уақыт бөледі.
Ол сондай-ақ, жеке қалып сөйлесуден тартынуы мүмкін. Оған қарамастан, түрлі кештер мен шараларға барып, басқа адамдармен сөйлесуден бас тарпайды.
2. Ол өтірік айтады немесе қарым-қатынас туралы сұрақтардан жалтарады
Кейде қарым-қатынаста бірдеңе дұрыс емес екенін сезетін кездер болады. Немесе сен жұбыңның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқайсың. Бұл туралы сұрағанда, жалтаратын жауап немесе сылтау айтады. Бұл қарым-қатынас айырылысуға жақын екендігінің белгілерінің бірі. Өйткені, бір-біріне жақын және қызығушылық танытатын адамдар сөйлесуге тырысады және не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
3. Оның достарының саған деген қарым-қатынасы нашарлайды
Мүмкін ол өз достарына айырылысқысы келетінін айтқан болар. Көбінесе бұл олардың саған деген қарым-қатынасынан байқалады. Сені елемеуі немесе сыпайылықты сақтап, өздерін алшақ ұстап, жоспарларына қоспауы мүмкін.
4. Сіз қарым-қатынас үшін одан да көп нәрсе жасайсыз
Жұптың біреуі екіншісіне деген қызығушылығын жоғалтқан кезде, қарым-қатынас біржақты болады. Сен ондағы жұмыс пен күш-жігердің 90% сенен келетінін байқай аласың және ол жағымды нәрсе жасауға немесе мәселелерді шешуге мүлде тырыспайды. Кейде жаныңда ол болса да, өзіңді жалғыз сезінуің мүмкін. Сондай-ақ, ол сені бағаламайтындай сезім пайда болады: егер адам ажырасу туралы ойласа, ол сен үшін жасайтын жағымды нәрселерді байқамайды.
5. Ол әр нәрсеге мән береді және сынайды
Сенің барлық әрекеттерің мен шешімдерің дұрыс емес сияқты көрінуі мүмкін. Ол бұрын мән бермеген заттарға тиіседі, сені үнемі сынайды, тіпті, ең қарапайым жағдайларқақтығысқа әкеледі. Оның айырылысу туралы сөйлесуге батылы жетпейді, және өзі қаламаса да сенімен бірге болуға мәжбүр.
Екіге кету туралы ойларын әңгімелерінен байқауға болады. Ол манипуляция жасай алады: «Онда айырылысайық, мәселе неде?». Бұл туралы айтуға батылы жетпегендіктен және ол саналы түрде екіге кету жауапкершілігін сенің иығыңа жүктегісі келетіндіктен болады.
Фото: Unsplash