
Сен бұл мақаланы оқығаннан кейін, жігітіңе деген сезімің туралы ойланасың. Мүмкін сенің қарым-қатынасың шынымен аяқталуы керек шығар — немесе уақытша қиындықтарды қалай жеңуге болатынын білмеуің мүмкін.
Асықпа, өйткені көптеген мәселелер әңгімелер және өзара келісімдермен шешіледі. Егер басың қатып кетсе, назар аударуға тұрарлық 5 «қоңырауды» көрсетеміз.
Сен өз сезімдеріңе күмәнданасың
Егер үнемі жігітімді жақсы көремін бе деп ойласаң, мойындау керек, бұл ең жақсы белгі емес. Психолог Андрей Сырташтың айтуынша, ғашық адам бұл сезімнің қаншалықты күшті екенін ойламайды. Оның үстіне, егер жігіттің алдында мәселені айтсаң, жай ғана кетуге себеп іздеп жүрсің.
Сен онымен бос уақыт өткізгің келмейді
Бұрын әр кездесуге дейін сағат санап, ол туралы оймен ұйықтап кететін едің, енді бәрі өзгерді. Енді достарыңмен түскі ас ішкенді немесе отбасыңмен уақыт өткізгенді жөн көресің. «Ғашық адамдар әрқашан бірге бірдеңе жасағысы келеді»,- дейді қарым-қатынас сарапшысы Эйприл Масини.
Алыстап кеттіңдер
Егер физикалық жақындық бұрынғыдай болмаса, бұл ойлануға себеп болады. «Жақындасу мен сүйісу — бұл сүйіктіңе өз сезімдерің мен сүйіспеншілігіңді көрсетудің тәсілі», - деп түсіндіреді маман Масини.
Жиі сөйлескенді жақсы көретін шығарсың. Бірақ, сүйіп тұрып, тезірек кеткің келетіні жайлы ойласаң, кететін уақыт келді.
Ол сенің жыныңа тиеді
Оның мінез-құлқындағы ұсақ-түйектерге дейін ашуландырады: мысалы, ол етті қалай кеседі немесе тістерін қалай тазартады? Ешкім мінсіз емес: кейде бәріміз бір-бірімізді түсініксіз әдеттермен ашуландырамыз. Алайда, егер махаббаттан гөрі негатив көп болса, бұл екіге кетуге себеп болады.
Үнемі ұрсысасыңдар
Әрине, қарым-қатынастағы жанжал қалыпты жағдай. Бірақ, бұл тым көп болған кезде басқа мәселе. Эйприл Масини былай дейді: «Махаббат сөнген кезде басқа жағымсыз сезімдерге орын пайда болады. Бір-бірлеріңді «тістей» бастайсыңдар және ұрыс-керіс тұрақты болады».
Фото: Unsplash