
Сегіз дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова AJP Tour Asia Continental Jiu-jitsu Championship-2023 халықаралық турнирінде екі алтын жеңіп алды.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың 16 жасар спортшысы екі жас санатында — 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 18 жастан асқан ересектер арасында сәтті өнер көрсетті. Ересектер арасындағы турнирдің финалында ол 25 жастағы Араб джитсершасы Майта Шерамамен күресті.
Жібек бұл жеңіс бұрынғыға қарағанда қиынырақ болғанын, өйткені ол 18 жастан асқан қыздармен күрескенін атап өтті. Барлығы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш жекпе-жек өткізілді.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына Отанымыздың намысын дәріптейтін спортшыларды қолдағаны үшін зор алғысымды білдіремін. Мен бұл жеңісті Мемлекет басшысына арнағым келеді»,
деді ол.
Қалымбетова өзінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровқа, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың президенті Ерболат Тұрымбетовке, сондай-ақ, команда бойынша әріптестеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Осы клубтың спортшылары алты алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Олардың арасында әлем чемпионы Самат Айтпанбет те бар. Ол қара белбеу иелері арасында бірінші орынды иеленді.
Фото: Instagram