Желтоқсан айында өз махаббатын жолықтыратын жұлдыз жорамал белгілері

A
aigerakain
27 ноября 2023

Желтоқсан айында өз махаббатын жолықтыратын жұлдыз жорамал белгілері
Unsplash: Pereanu Sebastian

Бұл жұлдыз жорамал белгілері жаңа жыл түнін сүйікті адамымен өткізетіні сөзсіз.

2023 жылдың соңғы айы кейбіреулер үшін сәтті болады. Біреу жаһандық өзгерістерге бел буады, біреу ұзақ уақытқа созылған істерді аяқтайды, ал басқалары көптен күткен махаббатын жолықтырады. Егер сен жаңа жылды сүйіктіңсіз өткіземін деп ойласаң, онда әлі үміт үзбе. Жыл соңына дейін тағы бір ай бар! Қыс мезгілінде басталған қарым-қатынас ең ұзақ және берік болып саналады.

Балықтар 

Бұл айда балықтар махаббатта бақытты болады. Қазір сен іштей белгісіз және сиқырлы күйді сезінесің. Тіпті, жаңа жылдық қарбалас сенің үйлесімді көңіл-күйіңе әсер ете алмайды. Еркін балықтар жан серігімен кездесе алады, ал сүйіктісі барлар тек қарым-қатынастарын нығайтады.

Суқұйғыш

Суқұйғыш, сен көптен бері махаббатыңды кездестіргің келді. Енді, дәл қазір жеке өміріңді құруға мүмкіндігің бар. Егер сен Суқұйғыш болсаң, онда көбінесе басқалар сияқты әрекет етпейсің, сондықтан сені көбі түсіне бермейді. Бірақ, сен өзіңнің сезімдеріңді дәл түсінетін адаммен кездесесің және тамаша жұп бола аласың.

Тауешкі

Тауешкілер, бұл сендердің айларың. Сендер де жалғыз қалмайсыңдар. Сезімдер саған күтпеген жерден келеді. Тауешкілер адамға тез бауыр басады, сүйеді және сүйікті болады. Мұқият болуға тырыс, мүмкіндігіңді жіберіп алма.


Фото: Unsplash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше