
Маусым өзгеріп, күнге күйген дене түсі өткен жаздың жағымды естелігіне айналады. Қола реңкті қауіпсіз тәсілдермен қалай сақтауға болады?
5 қарапайым ереже:
Жағажайға дейін скраб қолдан
Скраб терінің бетін тегістеп, жұмсақ күюге дайындайды.
Ыстық ванналардан бас тарт
Салқын душ эпидермис жасушаларын сергітуге және сақтауға көмектеседі, олар ыстық суда тез ағып кетуі мүмкін.
Теріңді жиі ылғалдандыр
Майлары бар өнімдер ылғалдандыруға және тері түсін сақтауға мүмкіндік береді. Тазартқаннан кейін және ұйықтар алдында ылғалдандырғыштарды қолдан. Ыстық ауа-райында, тері құрғақтыққа бейім болған кезде, денеге арналған жұмсақ сүтті өнімдерді жақ.

Ас мәзіріңе назар аудар
Белгілі бір тағамдарды жеу тері түсін сақтаудың кілттерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, қызанақтың құрамындағы және меланин өндірісіне ықпал ететін элемент ликопинді жеу арқылы сен тері жасушаларын сақтауға көмектесің. Бадам, бұршақ және жержаңғақ құрамында кездесетін тирозинді тұтынуға болады.
Нәтижені бекіт
Нәтижені бекіту және қарқындылықты арттыру үшін ұзақ уақыт күн сәулесінен кейін теріні тыныштандыратын және жағымды бонус ретінде тері түсінің қоңырлығын күшейтетін күнге күйгеннен кейінгі өнімдерді қолдан.
Фото: Unsplash