
Қазақстандық актриса Жанель Мақажан мен актер Абай Асылхан жақын арада ата-ана атанатындарын хабарлады. Қуанышты жаңалықпен олар Instagram парақшаларында бөлісті.
Жанель Мақажан күйеуіне көптен күткен жүктілік туралы хабарлап, оған тосын сый жасады. Актриса баланың атынан хат жазды, содан кейін емізікпен безендірілген торт берді. Ерлі-зайыптылар қуаныштан көз жастарын ұстай алмады, қуанып, бір-біріне алғыс айтты.
Ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде пост жариялау арқылы қуаныштарын жанкүйерлерімен бөлісуге асықты.
«Құрметті достар, сүйінші хабарымызбен бөліскіміз келіп отыр. Бір жарым жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді. Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз! Бала сүйгісі келетін әрбір жанға жұғысты болсын»,
деп жазды олар посттың астына.
Сондай-ақ, актриса барлық достары мен жанкүйерлеріне құттықтаулары үшін алғыс айтты.

Фото: Instagram/ @abay.asylkhan