Жамиля Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды


Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Жамиля Бақбергенова Белградта (Сербия) әлем чемпионатының қола медалінің иегері атанды.

Спортшы 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші нәтиже көрсетті. 

Үшінші орын үшін күресте Бақбергенова Польшалық Наталья Стржалкамен кездесті. Қазақстандық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, әйелдер күресі бойынша Қазақстан командасы әлем чемпионатында бірінші жүлдеге ие болды. 

Еске сала кетейік, Бақбергенова әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Ол екі жыл қатарынан әлемдік біріншілікте екінші болды. Сондай-ақ, оның қоржынында құрлықтық біріншіліктегі үш жеңісі бар.


Фото: Instagram @zhamila.bakbergenova

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше