Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көз патчтарын қалай қолданған жөн? 

A
aigerakain
15 апреля 2023

көз патчтары
Pexels: Monstera

Әр қыз баласы үшін көз патчтары құтқарушы құрал сияқты, әсіресе, таңертеңгі уақытта. Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін, оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін біл. 

Патчтар не үшін керек?

Патчтар бет терісіне арналған сарысу сияқты, бірақ тек көз астындағы аймаққа арналған. Яғни, ылғалдандыруға бағытталған күтімнің қосымша кезеңі. Олар екі әсер береді — ұзақ және қысқа мерзімді. Егер күн сайын патчтарды қолдансаң, ұзақ уақытқа әсер береді. Егер сен таңертең ғана пайдалансаң, олар қысқа мерзімді әсер береді — ісінуді жеңілдетеді және көз астындағы қара шеңберлерді азайтады.

Оларды қалай пайдалануға болады?

Дәстүр бойынша, патчтар көздің астына жабыстырылады. Бірақ жалпы алғанда, оларды қосымша ылғалдандыруды қажет ететін кез-келген бет аймағына қолдануға болады. Мысалы, маңдай, қас немесе мұрын-ерін қатпарларының аймағына.

көз патчтары
Pexels: Yan Krukau
Қалай жабыстыру керек? 

Егер сенің мақсатың ұйқысыз түннен кейін көздің астындағы қара шеңберлерден құтылу болса, патчтарды көздің ішкі бұрышына кең жағымен жабыстыру керек. Егер мимикалық әжімдерді тегістеу міндеті тұрса, оларды кең жағымен көздің сыртқы жиегіне орналастырған дұрыс.

Қанша ұстау керек?

Патчтардың жұмыс принципі мата маскасымен бірдей. Алғашқы 15-20 минут ішінде гидрогель ылғал береді, содан кейін ол кері бағытта жұмыс істей бастайды. Сондықтан патчтарды алып тастау уақытын жіберіп алмау үшін таймер қоюды ұмытпа.

Қайсысын таңдау керек?

Гидрогель және мата патчтары бар. Біріншісі, әдетте, дөңгелек шайбаларда бірден көп мөлшерде сатылады. Ал екіншісі, керісінше, жекелей сатылады.

Мата патчтары теріге жақсы жабысады және сырғып кетпейді. Негізі материалдан басқа, патчтардың екі түрі арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ және таңдау толығымен сенің өз қалауыңа байланысты.

Патчтардың жаңа түрі бар — сұйық. Текстурасы бойынша олар кремге немесе гельге ұқсайды, ал «патчтар» деп тек көз аймағына қолданылатындықтан аталады.

Pexels: Monstera
Патчтарды қайда сақтау керек?

Көптеген адамдар маскалар мен патчтарды сақтаудың ең қолайлы орны тоңазытқыш деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде, егер өндіруші басқаша жазбаса, бұл қажет емес. Себебі, гидрогельді патчтардың өзі жасалған материалына байланысты салқындату әсерін береді. Бірақ егер сергітетін әсерін күшейткің келсе, қолданар алдында патчтарды тоңазытқышта ұстауға болады.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше