
Мектеп, университет, жұмыс — бұл жерде адамдардың көпшілігі нағыз достар табады.
Алайда, психологтар жұмыста жақын қарым-қатынас орнатудан сақтандырадыған жөн дейді — бұл кедергі келтіруі мүмкін.
Көпшілігіміз аптасына бес күн күніне сегіз сағат жұмыс істейміз. Өміріміздің үштен бірі кеңседе өтеді. Кейбір әріптестер уақыт өте келе жақын адамдарға айналады, тіпті, біртіндеп дос бола алады. Дегенмен, абай болу керек-клиникалық психолог Денис Долгов жұмыс орнындағы бейресми қарым-қатынастар кедергі келтіретініне сенімді.
Тым көп эмоциялар
Психологтың айтуынша, жұмыстағы достық көбінесе психологиялық ыңғайсыздық пен жанжалға айналады. Өйткені біз тек іскерлік қарым-қатынасты тұлғааралық қарым-қатынаспен шатастырамыз. Біз әріптесіміздің сыни мәлімдемелерін жүрегімізге жақын қабылдамас едік. Алайда, егер біз досымыздан осындай нәрсені естісек, расымен ренжіп қаламыз.
Қарым-қатынас эмоционалды түрде орнайды — адамдар сынға өткір жауап береді, бір-бірін әділетсіз деп күдіктене бастайды. Жұмыс мұндай құмарлықтарға арналған орын емес.
«Қатаң айтқанда, жұмыс процесінде жеке тұлғалар жоқ. Функционалдық міндеттерді орындайтын жұмысшылар бар, ал егер мүлде циникалық болса — бір үлкен механизмнің бөлшектері немесе әртүрлі механизмдердің үйлесімі», — дейді мамандар қарым-қатынасты эмоционалды талқылауға араласпаған да жөн..
Егер жанжал орын алса
Сен ережелерді бұзып, жұмыста достар таптың делік. Бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін оқиға ушығып кетті. Немесе олардың біреуі сеніңжетекшің болды және иерархиялық қарым-қатынаста өзіңді жайсыз сезінсең. Бұл жағдайда сенқақтығыса бастайсың және ситуациядан қалай шығу керектігін түсінбейсің.
Психолог саған еркін адам екеніңді және кез-келген уақытта кете алатындығыңды жиі еске салуға кеңес береді.
ХХІ ғасырда компанияны ғана емес, мамандықты да өзгерту қиын емес — онлайн сабақтарға жазылу немесе жай ғана өз салаңдағы жұмысқа ауысу. Кім біледі мүмкін сен шынайы достықты сақтап, мүлде басқа салада ойыңды жүзеге асыра аласың ?
«Жұмысқа тым байыпты қарамаңыз. Бұл күшті эмоцияларға лайық емес. Әрқашан маневр жасауға мүмкіндік бар және сізді қатты ренжіткен және ашуландырған нәрсе бір сәтте өткен уақытта қалуы мүмкін», — деп қорытындылады маман.
Фото: Pexels