Жұлдыздар қолданатын 6 кірпікке арналған тушьтар

A
aigerakain
20 марта 2023

кірпікке арналған тушьтар

Егер мінсіз тушь іздесең, атақты адамдарға сен: актрисалар, әншілер және Ұлыбритания Корольдік отбасы мүшелері жақсы көретін 6 туштар жинағын ұсынамыз.

Мінсіз тушь табу ізденісті талап етеді: біреуі көлем береді, бірақ үгітіледі, екіншісі кірпіктерді жақсы бөледі, бірақ оларды қысқа етеді, үшіншісі ұзартады, бірақ кірпікті жұқа көрсетеді.

Егер іздеуден шаршасаң, жұлдыздардың кеңестері саған көмектесуі мүмкін. Дженнифер Энистон, Лили Коллинз, Джей Ло және басқалары жақсы көретін алты туштар жинағы.

1. Hypnôse Drama, Lancôme тушы

Hypnôse сериялы туштарды Кейт Миддлтоннан Лили Коллинзге дейінгі көптеген атақты адамдар жақсы көреді. Кендалл Дженнер тек Hypnôse Drama тушын қолданатынын және ол оны ешқашан ауыстырмайтынын айтқан.

2. Diorshow көлемге арналған тушы, Dior

Бірде Блейк Лавли әлеуметтік желіде бьюти-туториал түсірді және оның сөмкесінде осы тушь болды. Ал Меган Маркл Allure-ге берген сұхбатында Diorshow-ды ең сүйікті тушь деп атады. Оның басты артықшылығы – кірпікті көлемді етуден бөлек ол өте ұзаққа шыдайды. 

3. Superhero тушы, It Cosmetics 

Артық сөзсіз: бұл Дженнифер Лопестің сүйікті тушы. Олар кірпіктерді керемет қайырып, ұзын және көлемді етеді.

4. Pillow Talk тушы, Charlotte Tilbury

Бұл тушь TikTok-та танымал болып кетті, сондықтан біз оның жұлдыздардың сүйікті өнімдерінің тізімінде болғанына таң қалмаймыз, атап айтқанда, бұл құралды рэп орындаушы Lizzo және актриса Джессика Честейн жақсы көреді.

5. Limitless тушы, ILIA Beauty

Оливия Уайлд InStyle-ге берген сұхбатында ең жақсы тушь деп атады, ал визажист Дженна Ортега «Уэнсдей» фильмінде актрисаны осы тушпен бояған. Бірақ сахналық әсерді күтпеңіз: тушь табиғи, құрамында ылғалдандыратын ингредиенттері бар.

6. The Big Clean тушы, Kosas

Гвинет Пэлтроу «макияжсыз макияжды» жақсы көреді және бұл тушь оған керемет үйлеседі. Ия, оның құрамы табиғи. 


Фото: Instagram/ @lilyjcollins/ Sephora

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше