
Жауаптар сені таң қалдырады.
Жақында әлеуметтік желілерде күнделікті денені жуу үшін жөке қажет пе деген сұлулық пікірталастары басталды. Кейбіреулер оны жиі қолдану теріге зиян тигізеді, ал басқалары денені кір мен бактериялардан тазартуға болмайды дейді.
Бұл сұраққа дерматологтар Byrdie-ге берген сұхбатында жауап береді. Дерматолог доктор Адам Мамелак: «Біз жуудың төрт нұсқасын ретімен талдаймыз: дәстүрлі жөкемен, люфадан жасалған жөкемен, губкамен және қолмен», — дейді.
Жөке
Олардың барлығы әртүрлі матадан жасалған: мақта, микрофибра, бамбук немесе зығыр. Доктор Мамелактың айтуынша, егер ақша үнемдегің келсе, мұндай жөкелер тамаша таңдау болады. Ең жұмсақ түрлерімен күн сайын жууға болады. Доктор Кортни Рубин: «Қатты жөкелер де күнделікті қолдануға жарайды, бірақ теріні қатты ысқылауға болмайды», — дейді.
Есіңде болсын, әр жуынудан кейін суын сығып, бактериялардың көбеюінен қорғау үшін оны құрғақ жерде сақтау керек.

Люфа
Ол губка тәрізді және талшықты құрылымымен ерекшеленеді. «Люфа танымал, өйткені оның абразивті құрылымы өлі тері жасушаларын қабыршақтауға көмектеседі. Ол пилингтің орнын ауыстырады», - деп қосады доктор Рубин.
Сен оны аптасына 1-2 рет қана қолдана аласың, әйтпесе терінің қорғаныс қабатына зақым келтіресің, ал терісі құрғақ және сезімтал адамдар одан мүлдем бас тартқан дұрыс.
Губка
Дерматологтың айтуынша, губка функциялары бойынша люфаға ұқайды. Егер сен оны күн сайын қолдансаң, терінің тосқауылы бұзылуы мүмкін.
Қолдар
Кейбір адамдар қосымша жуудан бас тартады және денені тек қолдарымен жуады — дерматологтар бұл әдісті тиімді деп санайды, әсіресе терілері сезімтал адамдар үшін.
«Мен әдетте өз емделушілеріме осылай жууды ұсынамын. Бұл ыңғайлы, үнемді және терінің денсаулығына зиян тигізбейді», — дейді доктор Рубин. Егер сен толық тазару туралы алаңдасаң, дерматологтар аптасына бір рет люфадан жасалған жөкені қолдануға кеңес береді.
Фото: Pexels