
Джензерлер мен миллениалдар несіз өмір сүре алмайды? Саяхатсыз, достарымен бірге серуендемей және сәнді киімдерсіз бе? Жоқ!
Маркетплейстердегі асығыс сатып алу, сәнді киім, қымбат мейрамханаларға бару және саяхаттау — бәрі өткен уақытта қалды. Джензерлер мен миллениалдардың жаңа құмарлығы бар — тамақ, атап айтқанда сусындар мен тіскебасарлар. McKinsey & Company компаниясы бумерлерден джензерлерге дейінгі 4000 американдыққа сауалнама жүргізіп, қорытындыға келді.
Қазіргі жастар азық-түлікке көп ақша жұмсайтыны белгілі болды. Круассандар, авокадо, газдалған сусындарға жастар өте көп қаражат кетіреді екен.
Зерттеушілер мұны қазір көптеген миллениалдар ата-ана атанып, отбасын асырап жатқандығынан деп түсіндірді. Ал, джензерлер статистикаға өз үлестерін сапалы тағамдар мен сусындарға деген сүйіспеншілікпен қосты, бұл олардың чектерін арттырады.

Сонымен, олардың бірі «газдалған сусын мен кездейсоқ тағамдарға» екі аптада бір рет шамамен 130 доллар, сондай-ақ протеин қосылған тіскебасарларқа қосымша 35 доллар жұмсайтынын айтты.
Қазір екі буын да инфляцияға тап болды — бір өнім жиынтығын сатып алу үшін олар бір жыл бұрынғыға қарағанда айына 445 долларға көп ақша жұмсауы керек. Бірақ, бұл оларды тоқтатпайтын секілді.
Фото: Unsplash